$ 491.29  562.92  6.1

«Ашық киінбесем, видеоларым өтпейді»: Сиви Махмуди көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

"Олай әнші болмай-ақ қойшы".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Сиви Махмуди "Кездесу" бағдарламасына ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі өзінің бейнебаяндарындағы ашық киімдері жайлы сөз қозғады.

Айтуынша, жабық киінетіндіктен желідегі видеолар аз қаралым жинайды.

"Соңғы кезде көп ашық киініп кеттің дейді. Кейбір кезде пендеміз ғой, ұмытып кетесің. Қазір жолдасым жоқ қой енді. Өзім би, өзім қожа. Командамдағы жас қыздар: "Сиви, дене бітіміңіз әдемі, көрсету керек" дейді. Расымен де жабық киінсем өтпеймін. Күшті видео, қаншама еңбекпен түсірген видеолар өтпейді. Сол әнің өтпей қалады. Қарамайды, өтіп кетеді. Түрткі керек халыққа. Бір жігітпен түсуың керек немесе ашық киінуің керек", - деді ол.

Алайда көпшілік әншінің бұл жауабын ерсілікке теңеп, сынап тастады.

"Мүмкін жақсы адам шығар бірақ әншілік өнері жоқ", "Қалаубаева ашық-шашық болмай-ақ трендке шықты", "Жалаңаш шығыңыз онда", "Нәпсіге жағып тұр ғой не болса да", "Олай әнші болмай-ақ қойшы", "Естімегенім жақсы еді", "Білімі таяз адам екен", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0