Сонымен қатар, ол АҚШ-тағы әсерлі күндерін еске алып, бұл сапардың өз өмірінде ерекше орын алғанын жеткізді.
Қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдегі сапары туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі табиғаттың тыныштығы адам жанына ерекше жеңілдік сыйлайтынын айтып, ішкі күйзелістерден арылуға көмектескен сәттерін баяндады.
«Тынық мұхитпен табиғатымыз ұқсайды. Жүрегім тынық болған күні, өмір де жеңіл көрінеді. Маған ішкі әдемілік маңызды. Оны Германияда жүргенде түсінгенмін», – деп жазды актриса.
Сонымен қатар, ол АҚШ-тағы әсерлі күндерін еске алып, бұл сапардың өз өмірінде ерекше орын алғанын жеткізді.
«Қош бол, әсем California. Бұл жер маған тек әдемі күндерді ғана емес, үлкен тәжірибе мен жаңа көзқарас сыйлады. Мұнда талай арман ойға келді, талай ойым өзгерді. Әрбір кешесі, әрбір таңы жүректе естелік болып қалады. Келесі алып қала, Нью-Йорк», – деп бөлісті Дариға Бадықова.
Желі қолданушылары актрисаның жазбасына жылы пікір білдіріп, жаңа сапарларына сәттілік тілеп жатыр.