Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қыз-келіншектерге өздерін ұмытпай, ең алдымен өз-өзіне көңіл бөлудің маңызын атап өтті.
Танымал әнші Айгүл Иманбаева қазақ қоғамында жиі айтылатын «эгоизм» ұғымына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қыз-келіншектерге өздерін ұмытпай, ең алдымен өз-өзіне көңіл бөлудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, әйел адамның өзін бірінші орынға қоюы — эгоизм емес, керісінше, бұл өзіне деген құрметтің белгісі.
«Жаныңыздағы жандар жарқырап жүрсін деп, өзіңізді ұмытып кетпеңіз. Өзіңізді жақсы көру — эгоизм емес. Бұл — өзіңізге деген құрмет», – деп жазды әнші.
Айгүл Иманбаеваның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болды. Желі қолданушылары оның сөзін өмірлік маңызды кеңес ретінде бағалап, әйел адамның өзін бағалауы мен жеке шекарасын сақтауы қажеттігін атап өтті.
Кейбір пікірлерде өнер иесінің айтқаны қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі мен жауапкершілігіне қатысты өзекті мәселені көтергені айтылды. Көпшілік бұл ойды қолдап, «алдымен өзіңді сыйласаң ғана, өзгеге де пайдаң тиеді» деген пікірлерін білдірді.