$ 486.2  557.82  6

«Димаштың мінезі өткір болғанымен, жүрегі жұмсақ» — Қанат пен Света Айтбаевтар (ВИДЕО)

"Үшеуі үш бөлек болғанмен, бауырмал".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Димаштың ата-анасы, жұлдызды жұп Қанат және Света Айтбаевтар Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында қонақ болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

33 жыл отасқан жұп отбасы құндылықтары туралы ой бөлісті.

Өнер иелері әр баланың мінезі әртүрлі болатынын, бірақ дұрыс тәрбие бәріне ортақ негіз қалыптастыратынын айтты.

— Үш баламыз бар. Димаш, Раушан, Әбілмансұрдың өмірге көзқарасы ұқсас болғанымен, мінезі әртүрлі. Димаш — өткір, қайсар, жүрегі жұмсақ. Раушан — тиянақты, жауапкершілігі жоғары. Мансұр — қиялшыл, кітапқұмар. Үшеуі үш бөлек болғанмен, бауырмал. Ең бастысы — баланың жүрегіне бауырмалдық пен адамгершілікті сіңіру, — деді Қанат Айтбаев.

Сонымен қатар әнші тәрбие берудегі еркіндік пен тәртіптің тепе-теңдігі жайлы айтты.

— Қытай халқында «бала кішкентай кезінде қателік жасаса, ол ата-ананың кемшілігі» деген ұғым бар. Баланы жүгенсіз өсіруге болмайды. Қазақ тәрбиесі де осыған негізделген. «Әкең келе жатыр» деген сөздің өзі тәртіптің белгісі. Баланы шектен тыс еркіндікке жібермей, бағыт-бағдар беріп отыру қажет, — деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0