"Сен – менің ең үздік нұсқамсың".
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызы Алаудың туған күніне орай әлеуметтік желіде қызына арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Ақылды бұзығымның туған күні! Қызым, сен күлгенде әлем гүлденіп кетеді, қабақ түйсең – күннің өзі мұңаяды, ал еркелеген сәттерің жүрекке жылу сыйлайды. Кейде ересектерше ойланып кетесің, кейде баладай шаттанып күлесің, енді бірде бойжеткендей әнге басасың. Осындай әр қырың өзіңе ерекше жарасады. Сен – менің ең үздік нұсқамсың. Жаратқан ата-анаңның бар жақсы қасиетін, ата-әжелеріңнің асылын саған дарытқандай. Өмір жолың ашық, ғұмырың ұзақ болсын! Біз әрдайым сенің жаныңнан табылып, қолдап-қорғап жүреміз. Отбасың сені шексіз жақсы көретінін ұмытпа», – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп, Алауды туған күнімен құттықтап жатыр.