$ 482.33  557.57  5.74

«Осы тәжірибеге шүкір»: Бостандыққа шыққан Төребаев жазба жариялады (ВИДЕО)

Өнер иесі жазбасында өмірлік тәжірибесі мен ішкі өзгерістері туралы ой қозғап, рухани тұрғыдан үлкен сабақ алғанын жеткізді.

Фото: @meirzhach_tv
Фото: @meirzhach_tv

Бостандыққа шыққан танымал вайнер Мейіржан Төребаев әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің назарын аударған әсерлі жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жазбасында өмірлік тәжірибесі мен ішкі өзгерістері туралы ой қозғап, рухани тұрғыдан үлкен сабақ алғанын жеткізді.

«Сыртқы өмірде еркіндігімді жоғалтқан сәтте, ішкі еркіндігімді таптым. Демек, солай болуы керек болған. Өмір беретін сабақтардан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Жан ұмтылған тәжірибеден өзіңді айыра алмайсың», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол өзіне тыныштықтың қажет болғанын, уақыттан тыс күйде қалып, барлық рөлдерден арылып, өзімен-өзі қалып, «мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздегенін атап өтті.

Төребаев кейде адамның жаңарып, жаңа қырынан қалыптасуы үшін белгілі бір күйзелістен өтуі қажет екенін де жасырмады.

«Кейде жаңа өзіңді құрау үшін, алдымен күйреу қажет болады. Осы тәжірибе үшін Жаратқанға шүкіршілік етемін. Оның құны өлшеусіз. Бұл – жанның жарқын сапары», – деді ол.

Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып, кейбірі қолдау білдірсе, енді бірі оның ойларына өз көзқарасын білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0