$ 482.33  557.57  5.74

«Өмір жасың ұзақ болсын»: Димаштың қарындасы әсерлі жазба жариялады

Раушан Құдайберген әжесіне жүрекжарды тілегін арнап, отбасының ақылшысы мен тірегі екенін атап өтті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әжесі жаңа жасқа толды. Бұл туралы оның туған қарындасы Раушан Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Раушан Құдайберген әжесіне жүрекжарды тілегін арнап, отбасының ақылшысы мен тірегі екенін атап өтті.

«Әже, өмір жасың ұзақ болсын! Балаларыңның қызығына тоймай жүре бер», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп, әжесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, құттықтау пікірлерін жаудырды.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің отбасы жанұялық құндылықтарды жоғары бағалайтынымен көпшілікке жақсы таныс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0