10.04.2026, 15:00

«Іштей бәріне дайын болдым»: Жетінші рет босанған Төреғалидің әйелі жылап қалды

Коллаж: sn.kz

Сондай-ақ Толқын қиын кезеңде иманға келгенін де жасырмады. 

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін әлеуметтік желіде жүрек тебірентер жазба жариялады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. Ол ана болудың ең ауыр әрі сезімге толы сәтін былай сипаттады:

«Ананың бойындағы қорқыныш, үміт қатар жүретін қандай сәт… Іштей өзімді бәріне дайындап келе жатырмын. Дәл сол сәтте көз алдыма тек балаларым келе берді… Оларға аман оралудың осыншалықты бақыт екенін түсіндіріп қояды ғой», - деп жазды. 

Сондай-ақ Толқын қиын кезеңде иманға келгенін де жасырмады:

«Алланыкі екенімді осы екі өмірдің ортасында қатты сезіндім. Күнделікті өмірде ауыз сөйлей береді екен», - деді ол көзіне жас алып. 

Айта кетейік, 7 сәуір күні Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды. Отбасында қыз бала дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл Толқын үшін төртінші кесарь тілігі болған. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы .