10.04.2026, 15:40

«Амилай болыпты»: Әлішер Кәрімовтің қылықтары жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Ол жариялаған видеода таңғы ас мәзірімен бөліскен.

Танымал әнші Әлішер Каримов әлеуметтік желідегі жаңа видеосынан кейін қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі біраз уақыттан бері демалыста жүргенін айтып, кішкентай жиенімен бірге өткізген сәттерін көрсетті.

Ол жариялаған видеода таңғы ас мәзірімен бөліскен.

Алайда желі қолданушылары әншінің сырт келбетіне ерекше назар аударып, түрлі пікір қалдырған.

Кейбірі оның өзгерген түрін сынға алып, “түріне не болған?”, “ернін үлкейтіп алған ба?”, “ерсі көрінеді” деген секілді пікірлер жазған.