10.04.2026, 17:20

«Пәтердің тек сертификатын берді»: Тұрсын Алагөзов журналистің сынына ұшырады (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Журналист сондай-ақ «Цесна» өнімдеріне қатысты да сын айтты.

Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желіде Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдіріп, олардың өздері өндіріп, жарнамалайтын өнімдерді қолданбайтынын жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Оның айтуынша, табыс табатын өнімді өндірушілердің өзі оны тұтынбауы – жиі кездесетін жағдай.

«Адам өзі қолданбайтын өнімдерден миллион табады. Тіпті сусындарын да ішпеуі мүмкін — бірақ сол арқылы миллиардтар табады», – деп жазды ол.

Журналист сондай-ақ «Цесна» өнімдеріне қатысты да сын айтты.

«Біз етке арналған қамырды көптен бері “Цеснадан” алып жүрміз. Бұрын да жазғанмын: қаптамада көрсетілгеннен салмағы аз болып шығады. Бұл – адал іс емес», – деді журналист.

Сонымен қатар, ол компанияның пиар әрекеттеріне де тоқталды.

«Пиар үшін пәтер таратып жатыр (бірақ әзірге ол үйлерге ешкім кірмеген — адамдар тек сертификатқа қуанып отыр). Неге соның орнына қызметкерлерге өздері 15–20 миллионға пәтер ала алатындай лайықты жалақы төлемеске? Оның орнына төмен жалақы, “сыйлықтар” және өз байлығын жарнамалау ғана», – деп жазды Әбенова.

Өз сөзінің дәлелі ретінде журналист Threads желісіндегі қолданушы пікірін де келтірген. Онда автор Алагөзовтардың үйі туралы видеоны көргеннен кейін олардың басқа өнім қолданатынын байқағанын айтқан.

«Цеснаның» көпжылдық тарихына құрметім болғанымен, олардың ұнын ешқашан қолдана алмадым. Ұнамайды. Алагөзовтердің үйі туралы шығарылымды көріп отырып, бәрін осы ұнмен дайындай ма деп ойладым. Бірақ кейін таныс “Dani nan” қаптамасын көрдім де, бәрі түсінікті болды», – деп жазды желі қолданушысы.