Сондай-ақ, Ләйлә Сұлтанқызы кездесуде алған әсерімен бөлісіп, Батырханның анасына деген ерекше құрметін жеткізді.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесіп, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналист әр адамның ішінде орындалмай жүрген арманы болатынын айтып, көп жылдан бері Батырханның анасының жағдайын сұрамағанына іштей қынжылып жүргенін жеткізді.
«Әр адамның жүрегінде бір орындалмаған, орындалмай жүрген арманы болады ғой. Мен де бірнеше жылдан бері Батырдың анасының жағдайын сұрамадым деп іштей ауырлап жүр едім. Оның үстіне @qazaqstantv @qazaqstantv_show жобасы басталар алдын, өзім қатты батасын алғым келді», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, Ләйлә Сұлтанқызы кездесуде алған әсерімен бөлісіп, Батырханның анасына деген ерекше құрметін жеткізді.
«Қашанда әдемі, ұқыпты, шашы жинақы жүретін Дилара анамызды көріп, ерекше қуандым. Бір жағынан жүрегім елжіреп, көзіме жас та келді… Бүгінде қолында келіні бар, жағдайы жасалған. Көп рақмет ол кісілерге. Бірақ ананың жүрегі бәрібір бөлек қой… Батырды дүниеге әкелген ананың тағдырын, сезімін, сағынышын жүрекпен сезгендеймін. Батыр досым, жаның тыныш болсын», – деді тележүргізуші.