$ 473.13  554.08  6.13

«Адам жалдап, мені өлтірмекші болды»: Нұрлан Абдуллиннің екінші әйелі сұмдық жайтты айтты (ВИДЕО)

Құқық қорған органдарына шағымданғанымда мені балағаттап, “сені өзім өлтіремін” деді. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Нұрлан Абдуллиннің азаматтық некедегі әйелі Ақмарал Баққараева өз шындығын айтып, әншінің ешкім естімеген құпияларын жайып салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы YouTube арналарының біріне берген сұхбатта айтты.


Айтуынша, Нұрлан Абдуллин екеуінің ортақ Аят есімді сегіз жастағы ұлы бар. Дегенмен, әнші әкесі ретінде мүлде көмектеспейтінін, ақшасын жас қыздарға шашатынын жеткізді. 

«Бандиттерді жалдап, мені қорқытып, өлтірмекші болды. Бір баланы тәрбиелеп жүрген ананы өлтірсе өлтірсін дедім. Құқық қорған органдарына шағымданғанымда мені балағаттап, “сені өзім өлтіремін” деді. Балам сол аудионы естіп, әкесін жек көріп кетті.  Балам мектепте мұғаліміне «Менің әкем Нұрлан Абдуллин анамды өлтірмекші. Егер анамды өлтірсе мен де өлемін. Неге әкем анамды өлтіргісі келеді?»,– деп айтыпты. Мен баламды Нұрланның баласы деп айтпаймын. Ол менің балам. Оны жалғыз өзім өсіріп жатырмын»,– деп көзіне жас алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0