15.04.2026, 15:40

«Даудың нүктесін қойдық»: Танымал композитор BayanSulu-мен татуласқанын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Айып етпеңіздер! Бізбен бірге болғандарыңызға, рақмет!"

Танымал композитор Қуат Әбілов пен әнші Баянсұлу арасындағы дау толық шешімін тауып, тараптар өзара келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қуат Әбіловтың айтуынша, туындаған мәселе бейбіт жолмен реттеліп, екі жақ та ешқандай өкпе-ренішсіз татуласқан. Олар көпшілікке үндеу жасап, қол алысып, жағдайдың толық шешілгенін жеткізді.

«Баянсұлу қарындасымыз екеумізде туындаған мәселеге дауға нүктесін қойдық. Барлығы орнында. Өзара келісімге келдік. Ешқандай бір-бірімізге өкпе-ренішіміз жоқ. Қол алысып, сіздерге үндеу жолдап отырмыз. Айып етпеңіздер! Бізбен бірге болғандарыңызға, рақмет!», - деді Қуат Әбіл.

Сондай-ақ композитор әншіге алдағы шығармашылығында табыс тіледі.

Өз кезегінде Баянсұлу да мәселенің толық шешілгенін айтып, екі тарап арасында ешқандай келіспеушілік қалмағанын растады.

Айта кетейік, бұған дейін олардың арасында композитордың жазған хит әндері үшін қаламақы мәселесі мен авторлық құқыққа байланысты келіспеушіліктер туындап, іс сотқа дейін жеткен болатын.