15.04.2026, 16:40

18 жыл өтіпті: Әнші Бейбіт Қорған марқұм анасын еске алды (ВИДЕО)

Фото: ozgeris.info

Артында қалған ұрпағына шапағатшы болсын!

Танымал әнші Бейбіт Қорған өзінің желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Ол өмірден өткен марқұм анасын жоқтады. Қайтыс болғанына биыл 18 жыл толғанын айтты. 

"Ассалаумуағалейкум ағайын-туысқандар! Анамның қайтқанына 18 жыл өтіпті! Өмір шыныменде тез екен! Аз өмірімізде сыйластықтан артық ештеңе жоқ екен! Анамыздың жұмақтың төрінен болуына, барлығымыздың дұға-тілектеріміз қабыл болсын! “Әмин”деп қолдаған елге мың алғыс! Алла разы болсын!", - деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, тілектерін жаудырды. 

"Жаны жәннатта болсын", "Иманды болсын", "Апамыздың жатқан жері жұмақтың төрі болсын! Артында қалған ұрпағына шапағатшы болсын", - деп жазды