$ 469.52  553.75  6.15

«Бірге түскен суреттерін саттырлату сән болған»: Блогер Шахановпен контент жариялағандарды сынады

Блогердің Threads желісінде жарияланған жазбасын оқырмандардың бірі сынап жатса, бірі жақтауда.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Мұхтар Шаханов өмірден озғаннан кейін танымал әнші, блогерлер ақынмен бірге түскен суреттерін жариялап, көңіл айта бастады. Осы тұста блогер мөлдір Анарбаева олардың бұл әрекетін сынап тастады, хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол жеке парақшасында адамгершілік туралы сөз қозғады.

"Ертең өмірден өтсе пайдаланамын, деп арнайы атақты қарт кісілермен фотоға түсіп алатындарды еш түсінбеймін. Кеткен сәтінен бастап бірге түскен фотоларын сатырлатып салу сән… Өкінішті… Жарайсыңдар! Хәл үстінде жүрген жандарды желкелеп түсіп алған фотоларың жанында болғаныңды дәлелдегенімен адамдығыңа сын екенін ескертіп тұрады", - деді Мөлдір Анарбаева.

Блогердің Threads желісінде жарияланған жазбасын оқырмандардың бірі сынап жатса, бірі жақтауда.

"Менің ойымды дәл айттыңыз", "Дұрыс айттың,әсіресе ауырып ,әлі кеткен қарт адаммен түскен фотоны салғандары ұят", "Менде таң атпай соны айтып отырмын", деді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0