Өнер иесі жазбасында араларындағы сыйластық сақталғанын атап өткен.
Әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуі туралы жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жазбасында араларындағы сыйластық сақталғанын атап өткен.
«Бала-шағамның әкесі Асекең. Біздің арамызда сыйластық бар. Құдаларымыздың тойына келдік. Асқар құда, Индира құдағи деген құрметке ие болып отырған жайымыз бар. Бала-шағаларымыз аман болсын! Сіздерге де баянды бақыт тілеймін!», - деп жазды ол.
Неге қайта қосылмайсыздар деген сұраққа: Жүр ғой сол үйленбей әлі. Әй, үйлен десем, тыңдамайды. Мені қимайды-ау деймін, - деп әзілдеді әнші.