"Тыныш жүріңдер, құрысын".
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мерекелік концертінде көпшілікті тек әнімен ғана емес, әзілімен де күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қартайған шағында сезім білдіргендер көбейгенін айтып, халықпен әзілдесті.
«60-қа дейін ешкім келмеп еді, 62-ден асқаннан кейін шалдар сөйлей бастады. Тыныш жүріңдер, құрысын. Беретін ештеңем жоқ, кәрімін. Бізде өлең айту ғана қалды. Немере бағып өлең айту, кейде осылай қалжыңдасу ғана біздікі», – деп әзілдеген әншінің сөзі желіні жарды, ал халық оның әзілін өте керемет деп бағалап жатыр.
Желі қолданушылары әншінің бұл әзіліне түрлі пікір ұалдырды.
"Не айтса да жарасады", "Сондай керемет,ақкөңіл жансыз,аман болыңыз", "Мейірімі жүзінен шашылып тұр. Ғұмырлы болыңыз", - деп жазды оқырмандар.