$ 461.37  542.16  6.14

«Тек жылаумен болдым»: Әнші Мақпал Исабекова оқыс жағдайға тап болды (ФОТО)

"Кешір мені, қызым". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Мақпал Исабекова оқыс жағдайға тап болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жайлы өнер иесі өзінің желідегі парақшасында жазды. 

Ол абайсызда қызының қолын шығарып жіберген. 

"Күн осылай көңілді басталған еді…
Біз биледік, балалармен үшеуміз матраста секірдік.
Сосын мен Илаяның қолынан байқамай қатты тартып қалыппын, ол қатты жылап, қолын көрсетіп «ауырды, мама» деп айта бастады.
Сол сәтте жүрегім езіліп кетті. Мен де онымен бірге жылай бастадым.

Тез жиналып, травмпунктке бардық.
Илая жол бойы жылады, мен де жыладым.
Құдай-ау, өзімді қалай ұрыстым, сөктім… Әлі күнге дейін отырамын да жылаймын. Оған қарап, өзімді сондай кінәлі сезінемін, күшімді есептемей қалдым…

Қорытынды: буыны шығып кеткен.

Дәрігер орнына салып берді, енді оның қолына барынша ұқыпты қарау керек екенін айтты.
Тартпау керек, қадағалап жүру керек, өйткені қайтадан шығып кетуі мүмкін.

Кешір мені, қызым,
өтінемін, кешір мені.
Әлі де өз-өзімді жұбата алмай отырмын, жылап отырмын, ал ол болса: «мама, жылама» деп мені сүйіп жатыр.
Құдай-ау, жүрегім өкініштен шынымен жыртылып бара жатқандай…", - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0