$ 462.87  540.72  6.16

«1 миллион теңге сыйлығым бар»: Баян Алагөзова көпшілікке үндеу тастады (ВИДЕО)

Сондай-ақ ол байқаудың мерзімі тағы бір аптаға ұзартылғанын айтып, үздік қатысушыларға қосымша мүмкіндік барын жеткізді.

Фото: bayanmaxatkyzy парақшасынан
Фото: bayanmaxatkyzy парақшасынан

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған шығармашылық байқау жариялағанын мәлімдеді. Ол қатысушыларды арнайы әнге ерекше би қойып, байқауға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты байқауымды өздеріңіздің ерекше билеріңізбен қолдаңыздар. Осы әнге би түсіріп, менің парақшамды белгілеңіздер. Жеңімпазға 1 000 000 теңге сыйлық беріледі», – деді продюсер.

Сондай-ақ ол байқаудың мерзімі тағы бір аптаға ұзартылғанын айтып, үздік қатысушыларға қосымша мүмкіндік барын жеткізді.

«Байқау тағы бір аптаға созылады! Егер өте керемет жұмыс болса, KeshYou тобымен 20 жылдық концертте бірге өнер көрсету мүмкіндігі бар», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 25
Күлкілі 3
Ашулы 1