Сондай-ақ тележүргізуші мұндай жағдайдың бірнеше себебін атап өтті.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында эмоционалды күйзеліс тақырыбын қозғап, қазіргі қоғамда бұл мәселенің жиі кездесетінін жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, адам жұмыссыздықтан емес, тұрақты шаршау мен ішкі қысымнан да қажуы мүмкін.
«Жұмыс жоқ емес. Бірақ адам шаршайды. Қазір «выгорание» деп айтатындар көп, жасы да, үлкені де. Бір орында тұрақтай алмау, мотивацияның жоғалуы, бәрінен жалығу… Себебін сұрасаң – «выгорание». Бұл – мидың, психиканың шаршауы. Ментальды денсаулықтың дабылы», – деп жазды ол.
Сондай-ақ тележүргізуші мұндай жағдайдың бірнеше себебін атап өтті.
«Неге бұлай болады? 1) Көп ақша табам деп, өзіңді бірнеше жұмысқа жегу. Соңында еш жерде толық «свой» емессің, тұрақтылық жоқ, энергия да жоқ. 2) Өзіңді басқалармен салыстыру. Сол арқылы өзіңді жоғалту. Сенімнің азаюы, ішкі дауыстың бәсеңдеуі. Барлық жауап бір күнде келмейді. Бірақ өзіңді тыңдаудан басталады», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Жазба соңында ол оқырмандарына осыған ұқсас күйді бастан кешірген-кешірмегенін сұрады.