$ 464.86  544.03  6.14

«Тілекші жандарға алғыс»: Азамат Сатыбалды ауруханадан шықты

Баршаңызға үлкен рақмет!

Фото: instagram.com/azamatc
Фото: instagram.com/azamatc

Жақында денсаулығына байланысты ауруханаға түсіп, ота жасатқан актер Азамат Сатыбалды өзіне қолдау білдірген барша жанға алғыс айтып, үйіне оралғанын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ем-дом сәтті өткенін жеткізіп, қазіргі таңда қалпына келу кезеңін бастап кеткенін атап өтті. Ол осы уақыт аралығында тілекші болып, жылы сөздерін арнаған әрбір адамға ризашылығын білдірді.

«Баршаңызға үлкен рақмет! Қиын сәтте қолдау білдіріп, жылы тілектеріңізді жолдағандарыңыз маған күш берді. Қазір жағдайым жақсы, үйге оралдым. Алдағы уақытта толық сауығып, жұмысқа қайта кірісемін деп сенемін», – деп жазды актер.

Өз кезегінде желі қолданушылары мен әріптестері оған жылы лебіздерін жаудырып, тезірек сауығып кетуін тіледі. Көпшілік актердің шығармашылығын сағынғандарын айтып, оның қайтадан сахна мен экранға оралуын асыға күтетіндерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0