Өнер иесі денсаулығының жақсарып келе жатқанын айтып, тыңдармандарына ақжарма тілегін жолдады.
Тамара Асар шетелден оралып, алғашқы концерттерін қай қалада бастайтынын айтты Қазақстандық әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына алғыс айтып, шетелден аман-есен оралғанын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі денсаулығының жақсарып келе жатқанын айтып, тыңдармандарына ақжарма тілегін жолдады.
«Маған жолдап жазған, ақ тілектеріңіз үшін көп-көп рақмет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!!! Шүкір Аллаға, аман-есен шетелден елге оралдық. Аяғымды қайта басып, жүріп үйреніп жүрмін лайым да жақсылықтан дәмелімін», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ ол өзін сағынған тыңдармандарының сұрауымен алғашқы концерттерін Ақтау, Жаңаөзен және Шетпеден бастау туралы ұсыныс алғанын айтты.
«Мені қатты сағынған көпшіліктің сұрауымен, алғашқы концерттерімді Алла қаласа, Ақтау- Жаңаөзен- Шетпеден бастауға ұсыныс алдым. Мен де сіздерді қатты сағындым… “Бәрі арығын білдірмес сыртқа қарнын қампайтар өмір” – жасай берсін!!!», – деді Тамара Асар.