Өнер иелері Instagram парақшасында қыздарының сүйіктісімен түскен суретін жариялап, оқырмандарына ақжолтай хабар жеткізді.
Әнші жұп Мирас пен Құралай әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісіп, қыздарының ұзатылғалы жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иелері Instagram парақшасында қыздарының сүйіктісімен түскен суретін жариялап, оқырмандарына ақжолтай хабар жеткізді.
«Жол мұраты жету, қыз мұраты кету… Жақсы жаңалығымызбен бөлісіп жатырмыз! Бақытты бол, шырағым», – деп жазды олар.
Желі қолданушылары жас жұпқа ақ тілегін жаудырып, өнерлі отбасыны құттықтап жатыр. Көпшілік әншілердің қыздарының тұрмыс құруға қадам басқанын қуанышпен қабылдады.
Айта кетейік, Мирас пен Құралай елге танымал өнерлі отбасы ретінде көпшілікке жақсы таныс. Олардың отбасылық өмірі мен бала тәрбиесі де жиі үлгі ретінде айтылып келеді.