$ 464.86  544.03  6.14

«10 күн тегін демаламыз»: Ерке Есмахан оқырмандарын қызықтырып қойды

Өнер иесінің айтуынша, оларды Стамбұлдағы қонақүйлердің бірі арнайы қонақ ретінде шақырған.

Фото: erke_esmahan/Instagram
Фото: erke_esmahan/Instagram

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жолдасымен бірге Стамбұлға демалысқа аттанғанын айтып, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, оларды Стамбұлдағы қонақүйлердің бірі арнайы қонақ ретінде шақырған.

«Стамбулдағы керемет бір отель күйеуім екеуімізді қонаққа шақырды. Тегін 10 күн сол жерде жатамыз. Бизнес класқа билетті Раймның туған күніне сыйға тартып ол да тегін бұйырды. Барған соң дым шоппинг жасамаймыз, Босфордың жағасында жаяу жүріп қаланы қыдырамыз, егер тамақ жағынан қысылып, қарнымыз ашып жатса Айнұр Тұрсынбаеваның үйіне барып бешбармағын жейміз деген өте қатты қаржылай сауатты, әрі бесплатный отдыхқа кетіп бара жатқан жайымыз бар ал», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Ерке Есмахан жазбасында оқырмандарынан ақ жол тілеп қоюды өтінді. «Осы ойларымнан таймай, жақсы демалып қайтыңдар деп тілеп қойыңыздар» – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0