$ 464.86  544.03  6.14

Димаш Құдайберген жас әншіні қарамағына алып, продюсер атанды

Сондай-ақ 15 жылға жуық уақыт бойы жинаған тәжірибесін енді жас таланттарды дамытуға бағыттайтынын атап өтті.

Фото: @kudaibergenov.dimash
Фото: @kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолында жаңа кезеңді бастап, алғаш рет продюсерлік қызметке кіріскенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің алғашқы продюсерлік жобасы – Қытайдағы Voice Beyond Horizon байқауының жеңімпазы Нұржас Садырбаев. Енді жас орындаушы Димаштың қолдауымен кәсіби деңгейін жетілдіріп, халықаралық сахнаға шығуға мүмкіндік алады.

Әншінің айтуынша, ол Нұржасты шығармашылық қамқорлығына алып, оның музыкалық бағытта қалыптасуына ықпал етпек. Сондай-ақ 15 жылға жуық уақыт бойы жинаған тәжірибесін енді жас таланттарды дамытуға бағыттайтынын атап өтті.

"Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы — Нұржас Садырбаевты @sadirbaeeev продюсері есебінде қарамағыма алдым.

Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім. Енді сол тәжірибеммен бөлісіп,еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді!

Осы жолдағы басты күшіміз — біздің қолдауымыз бен бірлігіміз.

Бүгін студиядағы бірлескен жұмысымыздың көрінісін алғаш рет ұсынғалы отырмын.Ән ресми түрде алдағы аптада жарық көреді.

Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де менің YouTube арнамда кездесеміз", - деп жазды Димаш Құдайберген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0