$ 463.41  546.27  6.18

«Балама тиді»: Хан тамаданың әйелі көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында сәбиінен айырылып қалғанын жазып, жан сырын ақтарды. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде интим видеосы тарап кеткен асаба Ханның жары Алма Мырзабекова қайғылы жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында сәбиінен айырылып қалғанын жазып, жан сырын ақтарды. 

«Әр ана үшін ішіндегі сәбиін жоғалту — сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр қайғы.,. Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым болды, үмітім болды, жүрегімнің бір бөлшегі болды», – деп жазды ол. 

Сондай-ақ Алма соңғы жағдайлардың әсері өзінен бұрын баласына тигенін айтты. 

«Соңғы жағдайлардың әсері өзімнен бұрын балама тиді. Алланың ісіне амалым жоқ. Жанымда болған осы сәтте отбасыма рахмет», – деді ол. 

Желі қолданушылары Алмаға қолдау білдіріп, көңіл айтуда. Сонымен қатар ол дәрігерлерге алғысын жеткізді. 

«ОПЦ гинекология бөлімінің дәрігерлері мен қызметкерлеріне үлкен рақмет! Дәрігерім @mukashevaluiza үлкен алғысымды білдіремін. Кәсібиліктеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен жылы қарым-қатынастарыңыз үшін мың алғыс. Әр пациентке түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін ерекше ризамын», – деп жазды Алма.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#шоу-бизнес