Танымал әнші Қайрат Нұртастың қайын атасы ғылым саласындағы ерен еңбегі мен адалдығы үшін құрмет грамотасымен және төсбелгімен марапатталды деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің желідегі парақшасында:
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай ғылым саласындағы абыройлы еңбегі, кәсібіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігі үшін
“АДАЛ АДАМ -АДАЛ ЕҢБЕК - АДАЛ ТАБЫС” Құрмет грамотасымен және
“ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ” аталымы бойынша төсбелгімен марапатталды.
Менің әкем осындай академик!" Деп жазба жариялап, хабарлады.