14.05.2026, 03:30

«Әлі жүрсің бе?» деп ұрсады»: Айгүл Иманбаева бала туралы ойын ашық айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com.aigulimanbayeva

Сонымен қатар ол күйеуінің бала мәселесіне қатысты ұстанымы өзгеше екенін жеткізді.

Әнші Айгүл Иманбаева екінші некеде балалы болу жоспары туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында жүргізуші Аман Тасыған продюсер Баян Мақсатқызының суррогат ананың көмегімен сәби сүйгенін мысалға келтіріп, Айгүл Иманбаевадан бұл мәселеге қатысты көзқарасын сұраған.

Әншінің айтуынша, ана атану жоспары жоқ емес. Алайда бұл мәселеде бәрі тағдырдың жазуына байланысты екенін айтады. Сонымен қатар ол күйеуінің бала мәселесіне қатысты ұстанымы өзгеше екенін жеткізді.

“Баян маған “әлі жүрсің бе”, деп ұрысады. Менде жоспар бар. Енді күйеуімнің менталитеті, көзқарасы мүлдем басқа. Ол үшін екеуміз бірге болсақ болды. Үйленген соң “бала, бала” деп жанталасып жүрген ол жоқ. “Бала болса, қуанамын. Болмаса, екеуміздің өміріміз баласыз да әдемі, жақсы ғой”, дейді. Бәрі Жарақтанның қолында. Беріп жатса, ол да, мен де қуанатынымыз анық. Егер болмаса, біздің кейбір жігіттеріміз сияқты байбаламға салмайтыны анық”, – деді Айгүл Иманбаева.