18.05.2026, 03:30

«Жүрегі тоқтағанына 6 жыл»: Қарақат Әбілдина концертінде анасын еске алды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Өнер иесі анасы өмірден өткеніне алты жыл толғанын айтып, оған арнап орындаған әнін сахнада айту әлі де ауыр екенін жеткізді.

Әнші Қарақат Әбілдина марқұм анасын еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі анасы өмірден өткеніне алты жыл толғанын айтып, оған арнап орындаған әнін сахнада айту әлі де ауыр екенін жеткізді.

«Шаттанып қуанcам да, Жабырқап мұңайсам да… Жан күйімді үнсіз ұққан жан — өзіңіз едіңіз, анашым… Бүгін сіздің жүрегіңіз тоқтағанына 6 жыл… Тірі күніңізде арнайы жаздырған осы әнді, сіз кеткен соң ұзақ уақыт орындай алмадым. Ән басталса болды, жүрек бірге жылап кететін… Көпшіліктің сұрауымен қайта айттым. Бірақ сахнада тұрып, еріксіз бір ой келеді… “Шіркін-ай, дәл осы концертте анам отырғанда ғой…” деп. Мүмкін, әнім де басқаша шығар ма еді…», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Қарақат Әбілдина анаға деген сағыныштың ешқашан таусылмайтынын айтты.

«Қанша жасқа келсең де, ана мейіріміне деген сағыныш ешқашан таусылмайды екен. Өз отбасың, өз ошағың болса да, бір бұрышта ананың алақаны жетпей тұрады… Жаныңыз жәннатта болсын, аяулы анам. Қызыңыз сізге деген сағынышын әлі күнге дейін әнмен жеткізіп жүр… Ана жақтан қолдап, демеп жатқаныңызды жүрегім сезеді. Аруағыңыз разы болсын…», – деді ол.