Желі қолданушылары мен әріптестері режиссердің отбасын қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.
Белгілі режиссер Ақан Сатаев отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында немерелі болғанын айтып, қызы Айшаның ана атанғанын жеткізді.
«Қызым Айиша ана атанды, ал мен қайтадан ата болдым. Самия. Алла тағала сені бар жамандықтан қорғап, бақытты ғұмыр нәсіп етсін, әумин», – деп жазды Ақан Сатаев.
Желі қолданушылары мен әріптестері режиссердің отбасын қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.