Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Сәуле Базарханмен түскен видеосын бөлісіп, бұл кездесудің соңғы сәт болғанын білмегенін жазған.
Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева марқұм әнші Сәуле Базарханды еске алып, жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Сәуле Базарханмен түскен видеосын бөлісіп, бұл кездесудің соңғы сәт болғанын білмегенін жазған.
"@dentalclinic_dr.naimanbayev-тың админы сырттан түсіріп алып, бүгін осы видеоны салыпты маған. Бұл менің Саулемен соңғы кездесуім екенін кім білген?! (Шетелден келгенде, ұсақ-түйек, сувенир болсын, бір нәрсе әкелу — үрдіс еді…). Бұның бәрі енді елеспен сағынышқа айналды…", – деп жазды ол.
Сондай-ақ әнші құрбысының қазасын ауыр қабылдап жүргенін жасырмады.
"Өмір ащы әне бойым, өне бойым сыздайды… Өз жарасын жүрек қалай, жүрек қалай ұмытсын… Ұйқы жоқ… бір-біріне ұқсас сүреңсіз күндер, сөзбен жеткізу мүмкін емес… Сауле желіде хейтерлерге жауап беріп, үнемі мені жақтап отыратын, енді маған кім болысады?! Неге сонша асықтың, жан құрбым-ау. Жаның жәннатта болсыншы...", – деді Меруерт Түсіпбаева.