19.05.2026, 05:30

«Шынымды айтсам...»: Димаш Құдайберген құпиясымен бөлісті (ВИДЕО)

Фото: dimashnews.com

Өнер иесінің айтуынша, ол әдетте музыка жазу, дайындық немесе продакшн кезінде өзін түсіргенді ұнатпайды.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарына шығармашылық процесінен сирек кадрларды ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, ол әдетте музыка жазу, дайындық немесе продакшн кезінде өзін түсіргенді ұнатпайды.

— Көрермен тек толық дайын болған нәтижені көруі керек деп ойлаймын, — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Димаштың сөзінше, ол сол сәтте жаңа композицияға шабыт іздеп отырған. Ал видеоны оның бауыры Мансур Құдайберген кездейсоқ түсіріп алған. 

— Шынымды айтсам, видео өте атмосфералы шықты. Сондықтан сіздермен бөлісуді жөн көрдім, — деді әнші.

Желі қолданушылары сирек жарияланған бейне үшін алғысын айтып, әншіні сағынғандарын жазды. Көпшілік Мансурға да ерекше кадрларды түсіргені үшін ризашылығын білдірген