10.06.2026, 14:20

«Қатынға тоймайды екен»: Өзінен 25 жас кіші әйел алған актер тағы үйленбек (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Жас әйел болмайды екен".

Өзінен 25 жас кіші әйел алған танымал актер Қажет Смағұл желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол жас әйелдің болмайтынын айтып, тағы да үйленгісі келетінін айтты.

“Дені дұрыс қыз керек. Жас әйел болмайды екен. Кеше қан қысымым көтеріліп дәрі алып келші десем, активті көмір алып келген. Тамақ істеші десем тапсырыс бере салайықшы дейді. Тоңазытқышты ашсам ішінде жастар жейтін чипсы тұр. Жақсы, тапсырыс бер десем “суши, пицца” дейді”, - деді ол.

Желі қолданушылары актердің бұл әрекетіне ашуланып түрлі пікір қалдырды.

“Тең-теңімен, тезек қабымен деп бекер айтылмаған”, “Сауап болыпты”, “Қатынға тоймайды екен”, “Обалың жоқ, жас қатында нең бар еді?”, “Не деп мылжыңдап отыр”, - деді оқырмандар