10.06.2026, 16:00

Жанар Дұғалова алғаш рет жеке концертін өткізетінін айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

Әнші бұл жаңалығын Beu Fest музыкалық фестивалінен кейін RevueNews-қа берген сұхбатында бөлісті.

Қазақстандық танымал әнші, Жанар Дұғалова жеке концерт өткізуді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші бұл жаңалығын Beu Fest музыкалық фестивалінен кейін RevueNews-қа берген сұхбатында бөлісті.

Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдауына тыңдармандарының жиі өтініші себеп болған.

“Жанкүйерлерім күн сайын жазып, жеке концерт күтіп жүргендерін айтады. Сұраныс өте көп. Сондықтан, Құдай қаласа, дайындалыңыздар!” – деді өнер иесі.