$ 488.59  564.37  6.79

«Келінім жазып жіберіпті»: Гүлзира Айдарбекованың құдағиы елдің сынына жауап берді

Бекзада Кемелова оқырмандарының бұл айтқанына жауап беріп үлгерді. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Гүлзира Айдарбекованың үлкен құдағиы Бекзада Кемелова желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы желідегі парақшасында орысша пост жазған. Осы тұста пікір қалдырушылар оны сынай жөнелді. 

"Ойбай, апа, қазақша жазыңыз. Бағдагүл ұрысады", "Неге орысша жаздыңыз? Сізден күтпеген едім", "Қазақша жазбай ма", деді олар. 

Бекзада Кемелова оқырмандарының бұл айтқанына жауап беріп үлгерді. 

"Ой, келін орысша жазып жіберген ғой. Мағынасы дұрыс дегем, кешіріңіздер!!!", - деп жауап берді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0