$ 488.59  564.37  6.79

«Кейде әлсізбін, бірақ...»: Дариға Бадықова көпшілікке жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/daryga_badykova
Фото: instagram.com/daryga_badykova

Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова жаңа фильмнің түсіріліміне кіріскенін мәлімдеді. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жаңа туындысына төтенше жағдайлар қызметкерлері туралы оқиғаны арқау еткенін айтқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Кейде әлсізбін…. Бірақ елдің Дариғасын қолдайтын сіздер бар.

Жаңа фильмнің түсірілімін бастадық. Бұл жолы тақырып та, жауапкершілік те бөлек. Біз күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін құтқаруға асығатын МЧС қызметкерлері туралы оқиғаны экранға алып келеміз.

Сіздердің әрбір жылы тілектеріңізді оқып отырмын. Шынымды айтсам, дәл осындай сәттерде қолдау сөздері жанға күш береді, жауапкершілікті одан сайын сезіндіреді. 

Бұл фильм мен үшін жай ғана жоба емес. Бұл ерлік, адамгершілік, таңдау және өмір үшін күрес туралы әңгіме.

Сіздердің қолдауларыңызға рақмет! Сәттілік тілектеріңіз қабыл болсын. Біз бар күшімізді салып, көрермен жүрегіне жететін дүние жасауға тырысамыз.

Фильмнің аты Соңыра көне қалған сөзді, кім біледі?!», — деп жазды актриса.

Желі қолданушылары табысты продюсерге бір ауыздан сәттілік тілеуде. 

«Сәттілік серіктерің болсын. Жақсы дүние шығатын сияқты», «Қазақ киносы осылай тақырып жағынан дами берсін, қуаныштымыз», «Керемет, осындай жанкешті мамандықт туралы алғашқы қазақ фильмі. Мықтылар ғана осындай қиын тақырыпты қозғай алады», — деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0