$ 488.59  564.37  6.79

Кенжебек Жанәбілов «Құрмет» орденімен марапатталды (ВИДЕО)

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көпшілікке алғысын білдірді.

Фото: коллаж sn.kz
Фото: коллаж sn.kz

Қазақстандық әнші Кенжебек Жанәбілов Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көпшілікке алғысын білдірді.

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында президентіміздің жарлығымен «Құрмет» орденіне ие болдық! Баршаңызға алғысымыз шексіз, аман болыңыздар!» – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Айта кетейік, «Құрмет» ордені еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуына, ғылым, білім, өнер және өзге де салаларға елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0