Желі қолданушылары да жүргізушінің жазбасына пікір білдіріп, түрлі кеңес айтты.
Тележүргізуші әрі журналист Ләйлә Сұлтанқызы бұған дейін жылдар бойы қарызын қайтармай жүрген адамдар бар екенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған еді. Бұл жолы ол борышкерлердің кейбірі өзімен байланысқа шыққанын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Қарыз алған 4 адамның 2-уі кері байланысқа шықты, бірақ ертең береміз демеді, бөліп қайтарамыз деді. Уф, оған да шүкір. Не знаю», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да жүргізушінің жазбасына пікір білдіріп, түрлі кеңес айтты.
«Ой әпше, онысына да шүкір. Вообще бетсіздер бар ғой», «Әйтеуір шығып жатыр, дейсіз ғой», «Атын атап, түсін түстеу керек еді», «Қалған екеуін әшкере қылмадыңыз ба?», деп әзіл аралас пікір білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы кейбір таныстарының бес жылға жуық уақыт бойы алған қарызын қайтармай жүргенін айтып, көпшіліктің талқысына түскен болатын.