$ 488.59  564.37  6.79

«Үлкен күнәдан қорқамыз да...»: Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына ой тастады

Желі қолданушылары бұл пікірдің қоғамдағы адамгершілік құндылықтар мен жауапкершілік мәселесіне назар аудартатынын айтып, жазбаға қолдау білдірді.

Фото: instagram.com/aidyn_nury
Фото: instagram.com/aidyn_nury

Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында кісі хақысы туралы ой қозғап, көпшілікті күнделікті өмірдегі әділетсіздіктерге бейжай қарамауға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Кісі хақысы тек ақша жеп қою емес. Біреуді ғайбаттау да – хақ. Біреудің абыройына нұқсан келтіру де – хақ. Уәдеде тұрмау да – хақ. Қарызды қайтармай жүру де – хақ. Біреудің еңбегін бағаламау да – хақ. Адамның көз жасына қалу да – хақ», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаева адамдардың көбіне үлкен күнәлардан сақтануға тырысқанымен, күнделікті өмірде кездесетін ұсақ көрінетін әділетсіздіктердің де ауыр салдары болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Кейде біз үлкен күнәдан қорқамыз да, күнде істеп жүрген кішкентай әділетсіздіктердің қаншалықты ауыр екенін байқамаймыз…» – деді ол.

Желі қолданушылары бұл пікірдің қоғамдағы адамгершілік құндылықтар мен жауапкершілік мәселесіне назар аудартатынын айтып, жазбаға қолдау білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0