$ 489.33  566.3  6.74

«Менде бәрінің видеолары бар»: Танымал блогер Мейрамбек Беспаевқа қатысты ел білмейтін шындықты айтты (ВИДЕО)

Бұдан басқа да жайттарды жариялаймын.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Жузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева TikTok-тағы тікелей эфирінде өнердегі бірқатар танымал тұлғаларға қатысты мәлімдемелер жасап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогердің сөзінше, оның әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаевпен бірге бас қосқан кездері болған. Сондай-ақ ол Қайрат Нұртастың інісі Заңғармен Таиландта бірге уақыт өткізгенін де айтты.

Тікелей эфир барысында Жұлдыз Жауынбаева қолында түрлі бейнематериалдар бар екенін алға тартып, қажет болған жағдайда оларды жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Барып сұраңдар. Менде бәрінің видеолары бар. Заңғар да, Мейрамбек Беспаев та өздері айтып берсін. Бұдан басқа да жайттарды жариялаймын. Маған қарсы адам жалдап жатыр деген ақпарат жетті. Егер маған бірдеңе болса, кімнен көру керегін білесіңдер», – деді блогер.

Әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған тағы бір жайт – эфир кезінде блогердің шар үрлеп, белгісіз затты пайдаланған сәті кадрға түсіп қалғаны. Алайда бұл әрекеттің нақты мән-жайы мен қандай зат қолданылғаны ресми түрде расталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0