Менің оларда не шаруам бар?
Мөлдір Мұқанова балаларының қуаныш тойын өткізіп, мерекеден бөліскен суреттері әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көпшіліктің назарын тойға әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қатыспағаны аударды. Осыған байланысты оның екінші жары Айман Талғатқызы оқырманының сауалына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушыларының бірі:
«Тойға неге жібермедіңіз? Тұрсынбектей тұлға әйелдің айтқанын тыңдап тойға бармай қалғаны не сасқаны екен?», – деп жазған
Бұл пікірге Айман Талғатқызы былай деп жауап қайтарды:
«Осы бір жерде біреу мен тойға жібермедім деп айтып жатыр ма? Менің оларда не шаруам бар? Барсам бола ма деп сұрап жатқан еркек те жоқ. Кішкене миға қонымды әңгіме айтсаңдаршы. Түрлеріңе қарасам дұрыс адам сияқтысыңдар», – деп жазды.