Мамасының тұла бойы тұңғышы келді.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызы Сезімнің шетелден әкелген сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қызының өзіне қуыршақ сыйлағанын айтып, оған ерекше қуанғанын жеткізді. Актриса қуыршақтарды қатты жақсы көретінін және кейде олармен ойнайтынын жасырмады.
"Мамасының тұла бойы тұңғышы келді. Сезеканың маған әкелген сыйлығы. Мен қуыршақты өте қатты жақсы көремін. Оны менің қыздарым біледі. Анда-санда қуыршақ ойнайтыным бар енді", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сезім анасына қыз балалар арасында танымал "Мұзды өлке" мультфильмінің кейіпкерлері бейнеленген қуыршақтарды сыйлаған. Жұлдыз Әбдікәрімова сыйлықты көріп, балаша қуанып, бірден ойыншықтарды қолына алды.
Актриса қуыршақтарға қыздарының есімдерін қойып шықты. Мәселен, Эльза қуыршағын – Сезім, Аннаны – Алау, ал аққаланы Рабия Сұлтан деп атады.
Желі қолданушылары Жұлдыздың бұл сәтін жылы қабылдап, ана мен қыз арасындағы мейірімді қарым-қатынасқа сүйсінді.