$ 476.07  541.86  6.08

«Өртің көп болсын, үстің сасып тұр»: Танымал тамаданың тойдағы қонақтарды кемсіткен сөздері сынға ұшырады

Көпшілік оның қонақтардың мамандығына қатысты айтқан сөздерін орынсыз әрі кемсітушілік деп бағалап жатыр.

Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Әлеуметтік желілерде өзін халал той жүргізушісі ретінде танытып жүрген асаба Сабыржанның той барысында айтқан орынсыз әзілдері қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көпшілік оның қонақтардың мамандығына қатысты айтқан сөздерін орынсыз әрі кемсітушілік деп бағалап жатыр.

Желіде тараған бейнежазбада асаба әртүрлі мамандық иелеріне қалжың айтамын деген ниетпен әдеп шегінен шыққан сөздер айтқан. Атап айтқанда, өрт сөндірушіге «Өртің көп болсын» деп тіл қатса, дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне «Оны да оқи ма? Дене шынықтыруны түрмеден келгендер де істеп жатыр ғой» деген мазмұнда пікір білдірген. Сондай-ақ базарда қауын-қарбыз сататынын айтқан қонаққа «Бәсе, үстіңізден сасық иіс шығып тұр екен» деп әзілдеген.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарап, оқырмандар арасында түрлі пікір туғызды. Бірі асабаның мұндай әзілдері тойдың көңілін көтеруге бағытталғанын айтса, енді бірі адамның мамандығын келемеждеу ешқандай әзілге жатпайтынын алға тартты.

Желі қолданушыларының басым бөлігі той жүргізушісінің әрбір қонаққа құрметпен қарауы қажет екенін айтып, көпшілік алдында адамның еңбегі мен кәсібін мазақ ету дұрыс емес деген пікір білдірді.

Асабаның лағып сөйлеп, ақша табу ұшін жалданып жүрсе де, той иесінің мерекелік дастарханын осылайша қадірлемеуі, қонақтарды кемсітуі деңгейінің төмендігін білдіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 1