$ 476.07  541.86  6.08

Желіде хит болған видео: Джеки Чан Miyagi-мен бірге ән шырқады (ВИДЕО)

Көпшіліктің назарын аударған жайт – Джеки Чанның Miyagi шығармашылығын жақсы білетіні.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Голливуд актері Джеки Чан мен ресейлік рэпер Miyagi-дің бірге түскен видеолары әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Lada.kz басылымының мәліметінше, таралған бейнежазбалардың бірінде Джеки Чан Miyagi-дің әндерін тыңдап, онымен жылы жүздеседі. Сонымен қатар актер рэпермен бірге суретке түсіп, еркін әңгімелесіп, уақыт өткізген.

Көпшіліктің назарын аударған жайт – Джеки Чанның Miyagi шығармашылығын жақсы білетіні. Бейнеден актердің рэпердің әндеріне қосылып айтып отырғанын байқауға болады.

Фото және видео материалдар Miyagi-дің Instagram-парақшасында жарияланған. Кадрларда қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровтың да болғаны көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0