$ 476.07  541.86  6.08

«Осы күнге жеткізген Раббыма шүкір»: Алтынай Жорабаева жаңа құдаларын көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

Құдалықтарыңыз мың жылдық болсын!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты сәтімен бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, дастық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин!», — деп жазды ол.

Көпшілік әншінің шаңырағындағы қуанышқа құтты болсын айтып, жылы тілектерін жаудырып жатыр. 

«Қуаныштарыңыз құтты болсын, шын жүректен құттықтаймыз», «Құдалықтарыңыз мың жылдық болсын», «Өте дұрыс шешім, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз» деген тілектерін көпшілік жаудырып жатыр. 

Айта кетейік, әншінің бір қызы биыл ұзатылған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0