$ 473.4  539.39  6.07

«Сүйінші!»: Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанды (ФОТО)

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі Stories бөлімінде хабарлады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимовтың отбасында қуанышты жаңалық болды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі мен жұбайы Айнамкөз Әбдімаева төртінші сәбиін қарсы алды.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі Stories бөлімінде хабарлады. Перзентханадан түсірілген видеода Серік Ибрагимов жары мен жаңа туған нәрестесінің жанында тұрып, төрт саусағын көрсету арқылы төртінші рет әке атанғанын жеткізген. Сондай-ақ ол оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Осылайша жұлдызды жұптың шаңырағында төрт бала тәрбиеленіп жатыр. Отбасында Хамза есімді тұңғыш ұлы, Рабиа атты қызы және 2024 жылдың қаңтарында дүниеге келген Шадияр есімді ұлы бар. Ал бүгін, 28 шілдеде, олардың отбасына тағы бір ұл сәби қосылды.

Еске салсақ, осы жылдың сәуір айында ерлі-зайыптылар гендер-пати ұйымдастырып, төртінші перзенттерінің ұл болатынын көпшілікке жариялаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0