$ 473.4  539.39  6.07

«Бұл ісім анам үшін емес»: Жазира Байырбекова маңызды шешімінің себебін айтты

Өнер иесі анасының батасын жиі алып тұру үшін оны Алматыға көшіріп әкелгенін айтып, мұның ең алдымен өзі үшін жасалған қадам екенін жеткізді.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова анасына қатысты маңызды шешім қабылдағанын айтып, көпшілікке ой салатын жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі анасының батасын жиі алып тұру үшін оны Алматыға көшіріп әкелгенін айтып, мұның ең алдымен өзі үшін жасалған қадам екенін жеткізді.

«Анамның жақын жерде болғаны қандай жақсы. Анамды жиі көріп, батасын алып тұру үшін Алматыға әкеліп орналастырдым. Бұл ісім Анам үшін емес, өзім үшін. Адамның тамыры, меккесі, қайырымдылықтар сауабының төресі – Анада! Соңғы рет анаңызға қашан сыйлық жасадыңыз?» – деп жазды Жазира Байырбекова.

Әншінің жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегіне жол тауып, көпшілікті ата-ананы құрметтеу мен ана қадірін бағалау жайында ойландырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0