$ 476.75  541.59  6.06

«Әп-әдемі қызын тұмшалап тастаған»: Қызын хиджабпен ұзатқан Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

Дәстүр — қазақтыкы, киім — арабтан.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әнші Алтынай Жорабаева күні кеше желіде қызын ұзататынын айтып, желіде сүйінші сұраған еді. Желіге қызының құдалығынан сурет жүктеген ол, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің сөзінше, ол қызын қазақы дәстүрмен шығарып салмақ болған.

«Қызымызды құдаларымызға көрсетіп, күйеу баламызға төс тарттық. Дәстүріміздің әр сәті – береке мен сыйластықтың белгісі. Алла екі жасқа бақытты ғұмыр нәсіп етсін», — деп жазды ол.

Десе де, көпшілік оның қызының хиджаб кигеніне қатты наразы болған. Олар: «Дәстүр — қазақтыкы, киім — арабтан», «Әп-Әдемі қызыңызды осынша тұмшалап тастағаныңыз не?», «Қазақтың бір көйлегі табылмады ма?» деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0