$ 476.75  541.59  6.06

«Тырнақ астынан кір іздемейікші»: Аша Матай өзін сынаған заңгерге жауап берді (ВИДЕО)

"Өзімді дәлелдеу үшін дауласуға тәрбием жібермейді". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Белгілі тележүргізуші әрі «Қазақстан Халық партиясынан» кандидат ретінде тіркелген Аша Матай өзіне бағытталған пікірталасқа шақыруларға қатысты мәлімдеме жасап, мұндай айтысқа қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аша Матайдың сөзінше, соңғы уақытта оны түрлі пікірталастарға шақырып жатқанын естіген. Алайда ол мұндай форматқа қатысуды жөн көрмейтінін жеткізді.

«Анамның тәрбиесі бойынша қазақ қызы жеке көзқарасын дәлелдеу үшін ер азаматпен, әсіресе жасы үлкен адаммен сөз таластырмауы керек. Айтар ойым да, мақсатым да бар. Бірақ өзімді дәлелдеу үшін дауласуға тәрбием жібермейді», – деді ол.

Кандидаттың айтуынша, қоғамға пайда әкелудің тиімді жолы – өзара айыптаулар мен сөз жарыстыру емес, ортақ іске жұмылу.

«Тырнақ астынан кір іздеп, бір-бірімізбен тартысқаннан гөрі, ел үшін бірігіп жұмыс істейік. Жұмысымызға қолдау білдіріп, тілектес болсаңыздардың өзі біз үшін үлкен демеу», – деді Аша Матай.

Сондай-ақ ол көпшілік өзін өнер мен сахна арқылы танитынын, алайда дәл осы жол оған халықтың тұрмыс-тіршілігін, мұң-мұқтажын жақыннан тануға мүмкіндік бергенін атап өтті. Осы себепті «Қазақстан Халық партиясының» қатарында ел игілігі үшін еңбек етуге ниетті екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 0