$ 476.75  541.59  6.06

«Қазіргі күйеуі көрінбейді»: Алтынай Жорабаева екінші қызын ұзатты (ВИДЕО)

Өнер иесі қуанышты күннен түсірілген кадрларды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бес қызына ақ тілегін арнады.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызын ұзату тойынан жарияланған видеолар әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қуанышты күннен түсірілген кадрларды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бес қызына ақ тілегін арнады.

«Бес қызым, әрдайым бір-біріңе сүйеніш болып, қуаныштарың ортақ, жүректерің мейірімге толы болсын. Достықтарың уақыт өткен сайын нығайып, әрқайсыңның өмірлеріңе береке, бақыт, денсаулық пен мол ризық нәсіп етсін. Алла тағала барлық армандарыңа жеткізіп, жүздеріңнен күлкі, жүректеріңнен тыныштық кетірмесін. Әрдайым аман болып, бір-біріңе тірек болып жүріңдер», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваны қуанышты оқиғамен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды. Сонымен қатар, көпшілік тойға қатысты түрлі пікір білдіріп, отбасы мүшелерінің қатысуына да назар аударды.

Threads платформасындағы пікірлердің бірінде: «Үшінші, төртінші қыздары әкесіне ұқсайды екен. Айгүл Иманбаеваның ұлы келмеген бе? Ең үлкен ағалары ғой. Алтынайға Алла күш-қуат берсін. Қыздарын ешкімнен кем қылмай өсіріп, осындай күнге жеткізді»,«Қызы тегі қап қара екен», – деген жазба жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0